АҚШ-тағы дауыл: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

Аягөз Құрмаш

Флориданы Милтон дауылы басты

АҚШ-тағы дауыл: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті
Фото: Reuters

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Флоридада үшінші күн қатыранан «Милтон» дауылы тоқтамай жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

ABC News мәліметтері бойынша, ең көп қаза тапқандар, яғни алты адам Сент-Люси округінде тіркелген. Бұл жерден онға жуық торнадо өткен.

Оның ішінде Волуша округінің төрт тұрғыны көз жұмған. Хилсборо округінде су тасқыны аймағынан 725-тен астам адам мен 128 үй жануары құтқарылды.

Су басу аймағында бас-аяғы 11 миллионға жуық адам тұрады, олардың 3,5 миллионға жуығы жарықсыз отыр. Милтон желінің екпіні 195 км/сағ-қа жетті, бұл үшінші санаттағы дауылдың күшіне тең.

Дауыл Флориданың батыс және шығыс жағалауларына әсер етті.

АҚШ тарихындағы ең қауіпті дауылдар «Мария» (2017 жыл, 2975 адам қайтыс болды) және «Катрина» (2005 жыл, 1392 адам қайтыс болды) дауылдары еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.