«Шығыс салбурыны»: бес жасар бүркітші бала халықтың көзайымына айналды

Автор: Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстандағы құсбегілер сайысы дәстүрге айналған

Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс салбурыны-2024» халықаралық фестиваліне небары бес жастағы Нұрасыл Бақытбекұлы қатысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бес жасар Нұрасыл бүркіт пен ителгіні қолға шақыру сайысына қатысып, бағын сынап жатыр.

«Маған құс баптау ұнайды. Биыл «Шығыс салбурыны» фестиваліне бірінші рет қатысып отырмын. Мен құс ұшыра аламын, шақыра аламын, ұстай аламын және аңшылыққа да шығамын», - деді бүлдіршін.

Тегтер: