Қостанай облысында 4 жұмысшы бункердің ішінде тұншығып өлді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар тереңдігі 5 метр бункерге кіріп, қайтып шыға алмаған

Фото: pixabay.com

Қостанай облысы Рудный қаласында 4 жұмысшы қаза тапты: олар тереңдігі 5 метр бункердің ішіне түсіп, қайта шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты аймақтық төтенше жағдайлар департаменті растады.

«6 қазан күні Қостанай облысының Рудный қаласында  тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазалаймыз деген 4 жұмысшы бункерге түсіп, қайта шыға алмаған. Оқиға орнына құтқарушылар, полиция мен жедел жәрдем тез жетті. Оқиға орнына келген құтқарушылар жұмысшылардың денелерін алып шықты», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.