Telegram-дағы арна адамдарды суицидке итермелеген
Алматының прокуратурасы адамдарға тапсырма беріп, суицидке бағыттаған арнаны бұғаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, арнаға 67 адам әкімшіден қауіпті команда алып отырған.
«Тексеру барысында 67 оқырман арнаның әкімшісінен суицидке бағытталған команда алғаны анықталды. 2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды», - деп хабарлайды Алматының прокуратурасы.
Сот шешімін мәдениет және ақпарат министрлігіне орындалып жатыр.