$ 491.71  529.97  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.10.2024, 17:05
Оқиғалар

Халықтық штаб Түркістандағы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

Сондай-ақ халықтық штаб өкілдері Шымкентке барды

Халықтық штаб Түркістандағы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті
Фото: халықтық штаб

Халықтық штаб өкілдері Түркістан мен Шымкент қалаларының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан қаласындағы еңбек ұжымдарымен кездесу барысында жиналғандар энергетика саласындағы инновацияларды дамыту бағытындағы жаңалықтарды, атом энергетикасындағы ғылыми байламдарды талқылады.

Атап айтқанда, Түркістан қаласының музыкалық драма театры мен «Ұлы дала елі» орталығында мәдениет және өнер саласы қызметкерлері штаб мүшелеріне мазалаған сұрақтарын қойып, жауабын алды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кездесуде айтылғандай, АЭС  2060 жылға қарай еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне ықпал етеді. Бұл әсіресе, энергия тапшылығын қазірден-ақ сезіне бастаған оңтүстік өңір үшін өзекті тақырып.

Халықтық штаб өкілдері сондай-ақ Шымкенттің Жаңаталап елді мекеніне арнайы барды. Кездесуде М.Әуезов атындағы Оқу-энергетика кафедрасының PHD докторы, доцент Нұрсұлтан Файз АЭС құрылысына қатысты ғылыми тұжырымдамаларды жария етті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС