Денис Теннің өлімін еске салады: Алматыда спортшыға белгісіз адам пышақ сұғып алған (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Дамир Исаханов әрең аман қалған

Фото: скриншот

Алматыда бір топ жігіт спортшы Дамир Исахановқа шабуыл жасап, өлтіріп кетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ашық дереккөздерде тараған ақпаратқа қарағанда, дзюдашыға тиіскен адамдардың бірі оның жүрек тұсына пышақ салған. Абырой болғанда спортшы аман қалды.

Полиция осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғағанын айтты.

«Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында», - делінген полиция хабарламасында.

Дамир Исаханов ҚР спорт шебері, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы, дзюдодан әлем чемпионатына қатысқан.