$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда екі студент бір сағат бойы таяқ жеген: жігіттің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

Іс тергеліп жатыр

Екібастұзда екі студент бір сағат бойы таяқ жеген: жігіттің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: istockphoto.com

29 қыркүйекте кәмелетке толмаған екі студентті белгісіз біреулер кешкі 6-дан 7-ге дейін №21 мектептің жанындағы алаңда ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің жиенімді аяусыз ұрған. Біз оларды түнгі сағат 00:30-да тауып алдық. Қылмыскерлерді іздеуге көмек керек. Осы уақытта аталған  шағын ауданда күдікті адамдарды көрген болсаңыз, хабарын берсеңіздер. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді  зардап шеккенің апасы.

Павлодар облысының білім басқармасының ақпараты бойынша, екеуі де Екібастұз колледжінде оқиды.

«2024 жылдың 29 қыркүйегінде кәмелетке толмаған екі бала әртүрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға түсті. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап, тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр», - деп түсіндірді ведомствода.  

Pavlodarnews.kz хабарлағандай, тергеу туралы ақпаратты полиция растаған. 

«Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктілерді ұстады. Қазір мән-жай анықталып жатыр»,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды. 

Серіктес жаңалықтары