30.09.2024, 12:36
Оқиғалар
Көлігінен «мефедрон» табылған Астана тұрғыны Грузияға қашып кеткен
Оны ішкі істер министрі Қазақстанға экстрадициялады
видеодан скриншот
Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтап, оны тасымалдады деген күдіктіні Грузиядан Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2023 жылы маусымда жол полициясы Астана қаласында күдіктінің көлігін тоқтатып, көлік ішінен жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 «мефедрон» орамын тапқан. Сот тергеу уақытында оны қоғамнан оқшауламаған және қамамаған. Осыны пайдаланған күдікті қашып кетіп, оған іздеу жарияланған еді», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Күдікті биыл қаңтар айында Грузияда жүрген жерінде ұсталған.
«Күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - деп жазады Бас прокуратура.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды