$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2024, 02:00
Оқиғалар

Астанада көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балкон опырылып түсті (ВИДЕО)

Плита төртінші қабаттағы балконға құлады

Астанада көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балкон опырылып түсті (ВИДЕО)
Бейнеден кадр

Астанадағы көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балкон құлады. Балконда тұрған әйел ғайыптан аман қалды. Ол металл шыбықтардан ұстап үлгерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Патриот» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Плита төртінші қабаттың балконына құлады. Абырой болғанда, бұл кезде балконда ешкім болмаған. Оқиға Григорий Потанин көшесіндегі көп қабатты үйде болды.

Үйдің тұрғындары ТЖ департаменті балкон плитасының сынған ауыр және үлкен бөліктерін келіп, алып кетуден бас тартатынын айтты. Департаменттегілер балкондар азаматтардың жеке меншігі екенін жеткізіпті.

ТЖД төтенше жайттың салдарын жоюды тұрғындар және ПИК-ке сілтеген. Ал ПИК балконның құлауының салдарын жою сияқты функция ПИК міндеттерінің тізімінде жоқ екенін мәлімдеді. Енді 5-қабаттағы пәтер тұрғындары мен 4-қабаттағы көршілер өз мәселелерін өздері шешуге міндетті.

Серіктес жаңалықтары