БҚО-да жедел жәрдем мен патрульдік көлік соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: istockphoto.com

БҚО-да жедел жәрдем мен патрульдік көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 28 қыркүйекте сағат 13:30-да екінші саяжай маңындағы Самара-Шымкент тас жолында орын алған.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Полицияның хабарлауынша, жол апатына жедел жәрдем көлігі кінәлі болуы мүмкін.  Апаттың басқа жағдайлары анықталып жатыр.