28.09.2024, 21:19
Оқиғалар
Оралда көшедегі жаттығу құрылғысы екі жасар қыздың үстіне құлап кетті
Абырой болғанда, қыз баланың еш жері сынбаған
Фото: mgorod.kz
Оралда көше бойындағы жаттығу құрылғысы екі жасар қыздың үстіне құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 21 қыркүйекте Сарытау шағын ауданында болған. Алаңға орнатылған көше тренажері екі жасар қызға құлап кетті.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігі баланы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізді. Оны дәрігерлер тексеріп, рентгенге түсірді. Абырой болғанда, қыз баланың еш жері сынбаған, тек жұмсақ тіндері көгеріп қалыпты. Қызға амбулаториялық ем тағайындалды.
Қалалық әкімдік алаңның кімнің балансында тұрғанын және басқа да осындай алаңдарды тексеру туралы кейінірек айтып беруге уәде етті.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді