Тағы 33 науқас: Қазақстанда барлығы 5240 адам коронавирус жұқтырды
12 мамырдағы сағат 09:35 бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Алматы қаласында – 3, Атырау облысында – 17, Қызылорда облысында – 1, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 1, Қостанай облысында – 2, Маңғыстау облысында 1 адам бар. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 240 адам анықталды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 1103
Алматы қаласы – 1596
Шымкент қаласы – 239
Ақмола облысы – 110
Ақтөбе облысы – 176
Алматы облысы – 183
Атырау облысы – 340
Шығыс Қазақстан облысы – 51
Жамбыл облысы – 185
Батыс Қазақстан облысы – 255
Қарағанды облысы – 197
Қостанай облысы – 68
Қызылорда облысы – 231
Маңғыстау облысы – 130
Павлодар облысы – 154
Солтүстік Қазақстан облысы – 36
Түркістан облысы – 186 адам.
Айта кетсек, республика бойынша COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 2074 адамға жетті. Өкінішке қарай, 32 адам көз жұмды.