Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған барлығы 176 адам тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының 1 тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылды. Ол 1992 жылғы ер азамат, қауіпті індетті жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандықтан медициналық бақылауға алынған.

«Қазіргі таңда науқас облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды», - делінген ақпаратта.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 176 адам тіркелген.