Ақтауда мәйіті шіріп кеткен спортшының жанынан шприц пен ұнтақ табылды – полиция
ММА файтерінің дәл қай күні көз жұмғаны белгісіз
Үш күн бұрын қоқыс жәшігінің жанынан мәйіті табылған Вусал Джафаровтың шұлығынан ұнтақ, жанынан шприц шыққан. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылдың 20 қыркүйегі күні кешкі сағат 22:30 шамасында үйлердің артынан, ағаштар арасынан денесі шіріп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Оның кім екені анықталды. Оқиға орнын қараған кезде шприц, ал, ер адамның шұлығының ішінен ұнтақ табылды. Қаза тапқан ер адам бұрын ұрлық жасап, адам бопсалағаны үшін сотты болған», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, қаза тапқан спортшы Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізді, оның біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілді.