Алматыда тағы бір адам биік үйден құлап, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұм жігіттің жасы 18-де

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласында тағы бір қайғылы оқиға орын алды: бұл жолы 18 жастағы жігіт биік ғимараттан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаны Алматы полициясының баспасөз қызметі растады.

«Осы факті бойынша Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті.

Айта кетейік, бұл 12 қыркүйектен бастағанда суицидке байланысты тіркелген алтыншы адам өлімі.