«Майқайыңалтын»-дағы апатқа қатысы бар адамдарды полиция үйіне босатты

Azattyq Rýhy

Күні кеше полиция алты адам изоляторға қамалғанын хабарлаған еді

«Майқайыңалтын»-дағы апатқа қатысы бар адамдарды полиция үйіне босатты
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Майқайыңалтын»-дағы апатқа кінәлі деген күдікпен ұсталған алты адам үй қамаққа босады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті хабарлады. Айта кетейік, күні кеше полиция «тау-кен және құрылыс жұмыстары  кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу үшін «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, қамалғанын» жария еткен. Ал бүгін полиция оларды үйіне босатқан.

«Ұсталған азаматтарға қатысты сот үй қамақта ұстау шарасын бекітті», - деп хабарлады полиция.

 

Айта кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне төрт құтқарушы мінген автобус құлап кеткен болатын. 

Екі адамның денесі бірден табылды. Ақпан айының басында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті апат қаупіне байланысты қалған екі адамды үздеуін тоқтатқан болатын. Маусым айының соңында іздестіру жұмыстары қайта басталып, жарты жыл өткенде, 19 шілде күні үшінші марқұмның – Айдос Шаймерденнің денесі, арада апта өткенде төртінші жолаушының денесі табылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.