Димаш шетелдегі концерттерінде 20-30 мың аудитория жинайды
Әнші өзінің музыкалық қызығушылығы, шығармашылы туралы және көшпенділер ойындарының маңызы туралы сөз қозғаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жарты жыл бұрын үкімет мені көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетуге шақырды. Мен дереу келістім, себебі бұл ойындар елдің мәдениет саласы үшін өте маңызды екенін білемін. Бұл біздің дәстүрімізді ғана паш етіп қоймай, ат спорты мен өзге де спорттағы таланттарды да танытатын мүмкіндік. Мен жеке концертімді бергеніме қуанамын, сәл қобалжыдым да. Өзге елдерде концерт беру оңай, ал Қазақстанға келгенде менің ұстаздарым қарап отырғандықтан, емтихан тапсырғандай боламын», - деді әнші.
Димаш Құдайберген қазіргі күні әншілікпен қатар философиядан докторантурада оқып жүргенін айтты.