18.09.2024, 10:29
Оқиғалар
Ливанда пейджерлер жарылып, 8 адам қаза тапты
Ливандықтар байланыс құралы ретінде смартфондардың орнына пейджерлерді қолданады
Фото: Istockphoto
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2750 адам зардап шеккен, 200 адамның жағдайы ауыр. Жараланғандар арасында жүздеген ливандық «Хезболла» қозғалысының мүшелері болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін «Хезболла» көсемі Хасан Насралла «Израиль соққы жасау үшін бақылап отырады» деп, ұйымның мүшелеріне мобильді смартфондарды пайдалануға тыйым салған.
Иран ақпарат құралдары жарылысты Израильді ұйымдастырған деп мәлімет таратқан. Израиль тарапы әзірге жауап бермеген.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды