17.09.2024, 21:54
Оқиғалар
Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды
Өрттің шығу себебі анықталуда
Бейнеден кадр
Бүгін, 17 қыркүйекте Петропавлда Парковая көшесінің бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, өрт сөндірушілер 220 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сегізінші қабаттағы пәтерлердің бірінде үй заттары мен жиһаз отқа оранған.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 3 адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді, өрттің шығу себебі анықталуда. Бір адам ауруханаға жатқызылды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды