Оқиғаның нақты қай күні болғаны белгісіз
Астанада тек жаяу жүргіншілерге арналған Атырау көпіріне кешкі мезгілде мопед мініп, шығып кеткен адамның видеосы таралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астананың Орталық саябағы мен оң жағалауын жалғайтын Есіл өзенінің үстіндегі жаяулар көпірінде көлік жүруге болмайды. Көліктің көпірге шығуын шектеу үшін онда боллард бағаналар орнатылған еді.
Еске сала кетсек, сәуір айында Атырау көпірін Toyota көлігімен өткендер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылған. Қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жүргізуші бәстескен соң осындай әрекетке барған.