Ұзындығы 22 км болатын уақытша бөгеттер салынды
Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 5,7 млн текше метр су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын уақытша бөгеттер салынды, 86 000-нан астам қап төселді және су төгуге 3 коллектор орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тұрғындардың жеке мүліктерін судан шығару, үй жануарларын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Түркістан облысы ТЖД және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Апаттар медицинасы орталығының психологтары арт-терапия әдістерін қолдана отырып, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блокпост қойылды. Құрамында 18 адам мен 4 техника бар Өзбекстан ТЖМ күштері мен құралдарынан тұратын топ келді», - деп жазылған хабарламада.
Өңірде жалпы алғанда 1412 адам, 255 техника, 17 жүзу құралы, 130 мотосорғы тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 223 адамнан, 42 техника мен 85 мотосорғыднан тұратын Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тартылды.