Олар жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын тендерді өтірік ойнатқан
Шығыс Қазақстан облысының шенеуніктері төтенше жағдай болмаса да, ойдан оқыс жағдайлар орнатып, тендер ойнатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстың прокуратурасы хабарлағандай, олар жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 78 келісімшартты заңсыз жасаған.
Прокуратура осы тендерлер өткен кезде облыста төтенше жағдай мүлде болмағанын, бірақ, шенеуніктер бір көзден шарт жасасып, мемлекеттен ақша алғанын анықтаған.
Прокуратура бұл шарттарды заңсыз жасаған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлап отыр. Олар 1,4 млрд теңгені жымқырғаны үшін әзірге 14 млн теңге айыппұл төлеген.