Туыстығына қарамастан жазаланады – Ақтөбе полициясы оқушының өлімі туралы жаңа мәлімет берді

Автор: Темірхан Айжан

Ұсталғандар саны - үшеу 

Фото: скриншот

Темір ауданында бір топ оқушының төбелесінен кейін қаза тапқан 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне қатысы болуы мүмкін 3 күдікті ұсталды. Олардың бәрі кәмелетке толмаған жасөспірім, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қылмыстық іс полиция департаментінің өндірісіне қабылданды. Процессуалдық прокурор тағайындалды. Қазір объективті және жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Үш кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әлеуметтік мәртебесіне, туыстық байланыстарына қарамастан, барлық кінәлі адамдар жауапқа тартылады», - делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін қыршынынан қиылған жас баланың әпкесі әлеуметтік желіде болған оқиғаның жантүршігерлік фактілерін жариялаған.