04.09.2024, 17:45
Оқиғалар
Алматыда такси жүргізушісі Үндістаннан келген блогерді алдаған (ВИДЕО)
Блогер бұл туралы пост жазған
Алматыда шетелдік туристі алдағаны үшін такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция 27 жастағы ер адамды ұстады. Ол Үндістаннан келген туриске жол ақысын алдымен мың теңге деп алдап, кейін 77 мың теңге беруін талап еткен.
«Тексеру барысында ер адамның тиісті құжаттарсыз жеке тасымалдаумен айналысқаны, өз қызметтерін азаматтардың мазасын ала отыра ұсынғандығы, сондай-ақ оны ұстау кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағандығы анықталды», - деп хабарлады полиция .
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.
Видео: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
