04.09.2024, 15:39
Оқиғалар
Қарағандыда 6 көлік соғысты: белгілі кәсіпкер 2 айға қамауға алынды
Жол апатынан 1 адам қаза тапты
Фото: видеодан скриншот
Қарағандыда Lexus жүргізушісі 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
4 қыркүйекте Қарағандының мамандандырылған тергеу сотында отырыс өтті. Күдікті белгілі кәсіпкер, «Қазгидромаш» басшысы Сергей Камаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске салайық, Қарағандыда алты көлік соғысып, жантүршігерлік жол апатынан 40 жастағы «Ниссан» жүргізушісі қаза тапты. Оның жүкті әйелі де көлікте отырған, ол ауруханаға жатқызылды. Жол апаты 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Аманжолов көшесінде болған.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды