Азаматтық некедегі әйеліне пышақпен шабуыл жасаған зейнеткер сотталды
Оқиға Шымкентте болған
Шымкентте азаматтық некедегі әйеліне пышақпен шабуыл жасаған қарт адам сотталды. Ол мас күйде қылмыс жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірге отырып ішімдік ішкен зейнеткер мен оның әйелінің арасында жанжал туады. Мас күйде қария пышақ алып, азаматтық некедегі әйеліне шабуыл жасаған.
ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін зейнеткерге айып тағылды.
«Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескерген, бұл әрекетке шын жүректен өкіну және оның зейнеткерлік жасы, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын іс бойынша мән-жайлардың жоқтығы ескерілді. Ер адам кінәлі деп танылып, үш жылға сотталды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, оған мәжбүрлі ем тағайындалды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.