04.09.2024, 13:15
Оқиғалар
Қостанайда 50-ден астам гүлзарды жайпап кетті (ВИДЕО)
26 жастағы жігіт 4 факт бойынша жазаға тартылады
Фото: видеодан скриншот
Қостанайда 50-ден астам гүлзарды талқандаған вандал ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол мас күйде Абай-Павлов көшелерінің қиылысында арнайы ыдысқа отырғызылған гүлдерді лақтырған. Күдікті 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Оны полиция қызметкерлері келесі көшеде ұстады. Вандал дүкенге кіріп, есікті әдейі зақымдап үлгерген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ол бірден төрт факт бойынша жазаға тартылады. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін, гүлзарлар мен дүкен есіктерін қасақана бүлдіргені және ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылады», - деп хабарлады ПД.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген
05.09.2026, 13:00
Ақтөбеде анасын өлтіріп, әжесін жаралаған жасөспірімге сот үкімі шықты