«Психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған»: Таразда ер адам автобус жүргізушісін пышақтап кетті
Полицейлер күдіктіні жеті күннен бері іздеп таппай жатыр
Таразда психикалық денсаулық орталығынан қашып кетті деген ер адам автобус жүргізушісін пышақтап тастады. Жарақат алған азаматқа шұғыл ота жасалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Жол ақысын сұраған қоғамдық көлік жүргізушісінің иық тұсына жолаушы пышақ сұғып, із суытқан. Қолында суық қаруы бар 33 жастағы күдіктіні полицейлер жеті күннен бері жер-көктен іздеп таппай жатыр.
Тәртіп сақшылардың дерегінше, азамат 2010 жылдан бері облыстық психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған. Бірақ мұндағы мамандар оның жеке бас дерегін жариялай алмайтындарын айтады. Бір анығы іздеудегі азаматтың мекен-жайын айтқан адамға Ішкі Істер органы қызметкерлерінің қаржылай сүйіншісі бар. Ол табылғанша тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.
«Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысты күдікті 33 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдіктіні іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр», - деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Ал Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы ешбір науқастың қашпағанын мәлім етті.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны орталықтан ешбір науқастың қашпағандығын мәлімдейді. Сондай-ак, ҚР Қылмыстық Кодексiнің 274 бабына сәйкес « Көрінеу жалған ақпарат тарату бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығын ескертеді», - деп хабарлады ведомстводан,