03.09.2024, 20:13
Оқиғалар
Ақмола облысында өндіріс орнында жұмысшы әйелді жүк көлігі басып, мерт қылды
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Ақмола облысында өндіріс орнында жұмысшы әйелді жүк көлігі басып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Егіндікөл ауданындағы жергілікті өндіріс орнында болған.
Бұл туралы аудандық полиция бөліміне дәрігерлік амбулатория фельдшері хабарлаған.
Белгілі болғандай, ЖШС аумағында Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны басқарған жүк көлігі бұрылу кезінде жұмысшыны абайсызда басып кеткен. Әйел алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.
«Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізіп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 21:17
24 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 20:41
Қазақстан өңірлеріндегі сайлаушылардың сағат 20:00-дегі дауыс беру көрсеткіші жарияланды
23.08.2026, 20:11
Тарихи Құрылтай сайлауы: дауыс беру аяқталды