03.09.2024, 16:07
Оқиғалар
Маңғыстауда көлік өртеніп кетті: 1 бала қаза тапты
Тағы 7 адам ауыр жарақат алды
Фото: видеодан скриншот
Қайғылы оқиға Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында 2 қыркүйек күні болды. Көлік өртеніп, оқиға салдарынан 1 бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сағат 16:04-те Түпқараған ауданы Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43-ші шақырымында жүріп келе жатқан 2005 жылғы Toyota Estima автокөлігі өртенді. Сағат 16:27-де өрт сөндірілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.
Lada.kz жазуынша, ауруханаға 7 адам – төрт ересек және үш бала жатқызылды. Бір бала оқиға орнында көз жұмды.
«Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі – реанимацияда. Реанимацияға түскен баланың оң жақ білегін ампутация жасауға тура келді», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды