Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің құрметіне мурал салынды
Ерлан Нұрғалиев браконьерлер қолынан мерт болды
Қарағанды қаласында батыр Ерлан Нұрғалиевтің құрметіне мурал салынды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
«Қарағанды қаласында батыр Ерлан Нұрғалиевтің құрметіне муриал салынды. Табиғатты қорғау - Отанды қорғау! Мерекелеріңіз құтты болсын!», - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Еске салсақ, 2019 жылдың қаңтар айында «Охотзоопромның» инспекторы Ерлан Нұрғалиев браконьерлер қолынан мерт болды. Қымбат көлікпен аң аулаға шыққандардың жолын кеспек болған инспекторлар Петр Ныцик пен Ерлан Нұрғалиевке бір топ браконьер жабылып, соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған Нұрғалиев сол оқиғадан кейін бір тәулік өткенде көз жұмды. Қорықшы өлімі Үкіметті заңсыз аңшылық туралы заңды қайта қарауға мәжбүрледі.