«Жұмыс орнына барған»: Қырғызстанда асханада жұмыс істейтін әйелді күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО)
Полиция 42 жастағы ер адамды ұстады
Қырғызстанда күйеуі әйелінің жұмыс орнына барып, оны пышақтап кеткен. Шабуыл сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kg-ге сілтеме жасай отырып.
Оқиға бүгін 31 тамызда, шамамен 11:00-де Нарын қаласының асханаларының бірінде болды. Кадрларда ер адамның ас үйге кіріп, артқы жағынан әйелге жақындап, оны мойын аймағына пышақ тәрізді затпен ұрып жатқанын көруге болады. Кейін ол әйелді еденге құлатып, куәгерлер келіп, ажыратып алғанша тағы бірнеше рет ұрды.
Нарын облысы ІІБ баспасөз қызметінде бұл факт расталды. Жәбірленуші – сол асханада аспаз болып жұмыс істейтін 41 жастағы жергілікті тұрғын. Күйеуі оны жиналмалы пышақпен жарақаттаған. Полиция 42 жастағы ер адамды ұстады. Әйел ауруханаға жатқызылды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.