Астанада мемлекетаралық іздеуде болған шетел азаматтары ұсталды

Автор: Молдатай Сымбат

Олар әр түрлі қылмыс жасаған

Фото: polisia.kz

Елордада полицейлер мемлекетаралық іздеуде болған шетел азаматтарын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері автокөлік ұрлағандары үшін іздеуде жүрген Тәжікстан республикасының азаматын қолға түсірді.

«Ол 2023 жылы Турсунзаде қаласының Дахбед ауылында мас күйде есігі жабылмаған Daewoo Tico отырып, ізін суытпақшы болған. Алайда, тізгін ие бола алмай жол жиегіне соғылып, көлікке 6163 сомони мөлшерінде залал келтірген», - деп хабарлады ІІМ.

Сонымен қатар Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өз елінің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 2017 жылдан бастап іздеуде болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

«Ол жерлесіне пәтерін 7000 АҚШ долларына сатуға көмектесуге уәде берген. 5000 доллар алдын ала төлем алғаннан кейін ол ақшаны иемденіп, жоғалып кеткен», - делінген ақпаратта.