Жер үй өртенді: оқиға болған сәтте үйде кішкентай қыз жалғыз отырған (ВИДЕО)

Молдатай Сымбат

Учаскелік инспектор өртті қолда бар құралдармен ауыздықтады  

Жер үй өртенді: оқиға болған сәтте үйде кішкентай қыз жалғыз отырған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Абай облысы Бородулиха ауданы Камышенка ауылында жер үй өртенді. Бұл сәтте үйде кішкентай қыз жалғыз отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қыз ата-анасына гараждың өртеніп жатқанын хабарлайды. Баланың анасы дереу жақын маңдағы полиция пунктінен көмек сұрайды. Ол жерде учаскелік инспектор Рашид Нұржанов пен полиция сержанты Әділ Қыдырманов болған.

«Олар тез арада оқиға орнына жетті. Учаскелік инспектор өрт болған жерге келіп, бірден әрекет етіп, өрт сөндіру бөлімдерін шақырған. Өзі серіктесімен бірге жалынды қолда бар құралдармен сөндіре бастаған. Үй иесі оған гаражда тұрған екі газ балонының жарылып, қайғылы салдарға алып келуі мүмкін екенін хабарлайды. Ол шұғыл түрде көмекке келген жергілікті тұрғындарды эвакуациялап, өзі жалынның бетін сумен қайтарып, өртті ауыздықтады», - деп хабарлады полиция департаменті.

Отты тез арада сөндіргендіктен бұл үй ғана емес, көрші ғимараттар да қауіптен қағылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.