«15 жастағы қызды бір ай құлдықта ұстаған»: желіде видеолар тарап жатыр

Аягөз Құрмаш

Оқиға Қырғызстанның Ош қаласында болған

«15 жастағы қызды бір ай құлдықта ұстаған»: желіде видеолар тарап жатыр
Фото: unicef.org

Қырғызстандағы балалар омбудсмені Жамиля Жаманбаева құқық қорғау органдарының басшыларын Ош қаласында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 15 жасар қызды қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балалар құқығы жөніндегі уәкілге 15 жасар қыздың өкілі жүгінген. Ол қыздың бір айдан астам уақыт бойы жыныстық құлдықта болғанын айтқан.

Жәбірленушінің өкілі Жахангир Сайфуллаев күдіктілер қызды тыңдамағаны үшін жаза ретінде бәрін видеоға түсіріп тұрған дейді. 

«Видеода қызды қорқытқан жантүршігерлік  кадрлар бар. Олар оны ұрып-соғып, жалаңаш шешіндіріп, қасын пышақпен қырып тастаған. Қыз әртүрлі ер адамдарға жақын қызмет көрсету үшін сатылды...Ол тозаққа түсті», - деп ашуланды ол.

Жахангир Сайфуллаев бейнелер қазір онлайн-мессенджерлерде тарап жатқанын айтты.

Омбудсмен құқық қорғау органдарынан адам саудасы құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдауды талап етеді.

«Балаларды саудалайтын адамдар қатағ жазалануы керек. Мұндай өрескел қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрі табылып, жазалануы керек», — деді Омбудсмен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.