28.08.2024, 17:07
Оқиғалар
Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады
28-30 тамыз аралығында жол жөнделеді
Фото: Астана әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің сол жағы бойынша Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған байланысты, 28-30 тамыз аралығында аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етіледі.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», - деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды