Ақтөбе облысында жол апатынан балаларымен бірге бүтіндей бір отбасы қаза тапты
Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды
Төрт адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 4 жасар бала ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Диапазонға сілтеме жасап.
Кезекті өлімге әкелген апат Хобда тас жолында, Әлия ауылына жақын жерде болды. Volkswagen Polo және Mercedes жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында бірінші көліктің жолаушылары: 50 жастағы ер адам мен әйел, 14 жастағы ұл және 9 жастағы қыз көз жұмды. Кейінірек осы көліктің 4 жастағы ұлы ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция мәліметінше, қайтыс болғандардың барлығы бір отбасының адамдары. Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі қабырғасы сынып, ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған отбасы Ырғыз ауданында тұрса, жүргізуші Хромтау ауданынан болған.
Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo көлігі қарсы жолаққа шығып кеткен. Қайғылы оқиға болған жер қауіпті аймаққа жатпайтынын полиция департаменті атап өтті.