27.08.2024, 14:25
Оқиғалар
Атырауда ҰҚК қызметкерлері тергеу изоляторы бастығын ұстады – БАҚ
Ол моншада отырып, пара алған
Фото: Azattyq Rýhy/Батыржан Беспаев
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Atyrau Online-ға сілтеме жасап.
Интернет-басылымның мәліметінше, Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен тергеу изоляторы бастығын ұстады.
«Ол 500 мың теңге алғаннан кейін ұсталды, бұл ретте параның жалпы мөлшері 1 миллион теңгені құрайды. Оны ҰҚК қызметкерлері монша кешенінде ұстады. Сондай-ақ оның тұрғылықты жерін тінту жүргізілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
