Еуропаның ең биік шыңында «Адай» күйі күмбірледі (ВИДЕО)
Қазақстандық музыкант Эльбрус шыңын бағындырды
Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызмет бөлімінің жетекшісі Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрус тауын бағындырып, домбырамен «Адай» күйін орындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық музыкант бұл шыңға шамамен бір аптада көтерілген. Биікті бағындыру үшін ол жарты жыл бойы дайындалған.
«Әлібек Қайырбек республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол 9-сыныптан кейін Астанадағы Ұлттық өнер университетінің музыкалық колледжінің домбыра бөліміне оқуға түскен. Содан кейін «Шабыт» ҚазҰӨУ-ге түсті. 2013 жылдан бері концерттер мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып жүр», - деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.