Астанада автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті: әйел оқиға орнында көз жұмды

Автор: Молдатай Сымбат

Қайғылы оқиға бүгін болды

Фото: t.me/astanovka98/

Астанада Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.