Қазақстанда коронавирустан 30-шы адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол – 68 жастағы алматылық азамат

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды. Пациент 1952 жылы дүниеге келген. Осылайша, Қазақстан аумағында COVID-19 вирусы анықталған күннен бастап коронавирустан 30 адам қайтыс болды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 3
  • Алматы қаласы – 9
  • Шымкент қаласы – 5
  • Ақмола облысы – 4
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Қарағанды облысы – 3
  • Қостанай облысы – 1
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
  • Түркістан облысы – 1 адам.