$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2024, 04:00
Оқиғалар

Астанада саунада ұрлық жасаған күдікті анықталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада саунада ұрлық жасаған күдікті анықталды
Фото: Астана қаласының ПД

Елорда полициясына 53 жастағы астана тұрғыны, әмиянының ұрланғаны туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ол бекетте ер адаммен танысып, араларында қызықты әңгіме басталған соң, оны саунаға шақырған. Бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін жәбірленуші ұйықтап қалған, қолайлы сәтті пайдаланған қаскүнем, еркін қол жеткізу арқылы ішінде шамамен 100 мың теңге ақшасы бар әмиянын ұрлаған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті 31 жастағы қала тұрғынын анықтады. Әмиянда болған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсаған», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласы Полиция департаменті азматтарды мұқият болуларын және құнды заттарын қараусыз қалдырмауларын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары