Алматы облысында өзен бойынан әйел адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Болжам бойынша, ол суицид жасаған

Фото: Республикалық жедел-құтқару жасағы

Алматы облысында өзен бойынан әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған. Құтқарушыларға сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабар берген.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.ф