«Жол үстінде тоқтап, би билеген»: Семейде төрт жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Тәртіп бұзған жүргізушілер осылайша челлендж өткізген

«Жол үстінде тоқтап, би билеген»: Семейде төрт жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Фото: Абай облыстық ПД баспасөз қызметі

Семейде 4 көлік жүргізушісі жол үстінде тоқтап, би билегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Hyundai Sonata», «Chevrolet Cobalt», «Hyundai Elantra» және «Lada 2172» автокөліктерінің 19 жастағы төрт жүргізушісі жол бойында би билеп, челлендж өткізген. Тәртіп бұзған жастар полиция бөлімшесіне шақырылды.

 «Тәртіп сақшылары оларға жолда түрлі челлендждер өткізу сияқты іс-әрекеттердің қауіптілігін айтты. Жастарға мұның ауыр зардаптарға, соның ішінде апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін екендігі түсіндірілді», - делінген ПД хабарламасында.

Сонымен қатар полиция төрт жүргізушіні жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны, сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.