Италияда суға кеткен яхтадан жетінші мәйіт шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол – британдық миллиардер Майк Линчтің қызы Ханнаның денесі

Фото: ВВС

Италиялық және британдық БАҚ Сицилия жағалауында суға батқан яхтадан жетінші мәйіттің табылғанын жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Миллиардер Майк Линчтің 18 жастағы қызы Ханнаның денесі судан шығарылды. Оның мәйіті төменгі палубадағы кабинадан табылды.

Сонымен қатар, сүңгуірлер аспаздың, Майк Линчтің, сондай-ақ тағы төрт адамның денесін анықтады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 тамыз күні болды.