Таиландта дәретханаға отырған ер адамның жыныс мүшесін жылан шағып алды

Молдатай Сымбат

Елде жаңбырлы маусым басталғанда, жыландар кәріз жүйесі арқылы үйлер мен пәтерлерге жиі кіреді 

Таиландта дәретханаға отырған ер адамның жыныс мүшесін жылан шағып алды
Фото: Bangkok Post

Таиландта дәретханаға отырған ер адам жыныс мүшесін шағып алған жыланды ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Bangkok Post жазуынша, ол тістеп жібермеген жыланды дәретхана тазалайтын ысқышпен ұрған.

Танат Тангтеванон әлеуметтік желіге дәретханаға қалай барғаны туралы видео жариялаған. Ол енді отыра бергенде үлкен жылан ытып шығып, оның дәл жыныс мүшесінен тістеп алған. Жыланды қолымен ұстап алып, Танат дәретхана ысқышпен оны ұрып өлтірген. Содан кейін тұрғын үйдің күзетшісі өліп қалған жыланды дәретханадан шығаруға көмектескен.

Қазір Танат ауруханада ем алып жатыр. Жыланның улы емес екені белгілі болды, сондықтан жігіттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Елде жаңбырлы маусым басталғанда, жыландар кәріз жүйесі арқылы үйлер мен пәтерлерге жиі кіреді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.