Олар заңсыз казино ұйымдастырған
Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздеу салынғандар:
Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды.
«Егер сізге іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз:
+7-701-577-56-83 - Іздеу жұмыстары бойынша,
+7-701-121-47-65 - Іздеу жұмыстары бойынша,
+7-727-279-20-86 - кезекші бөлім.
Анонимділік пен сыйақы кепілдендіріледі», - деп хабарлады ҚМА.