$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сақ дәуіріне тиесілі: мемлекетке 10 млн АҚШ долларының мұрасы қайтарылды

Қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар мемлекетке қайтарылды 

Сақ дәуіріне тиесілі: мемлекетке 10 млн АҚШ долларының мұрасы қайтарылды
Фото: istockphoto.com

10 млн доллардан астам түсініксіз байлыққа қатысты алғашқы сот актісі орындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның хабарлауынша, биыл активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді.

Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады.

«Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұра заттары мемлекет кірісіне айналдырылды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның негізгі қағидаты болып қала береді.

Серіктес жаңалықтары