Арыстанға тас лақтырған: Алматы хайуанаттар бағы полицияға шағым түсірді (ВИДЕО)
Балалармен бірге жүрген ер адам арыстанға тас лақтырып оятуға тырысқан
Алматы хайуанаттар бағы арыстанға тас лақтырған келушінің үстінен полицияға шағымданды. Бұл туралы хайуанаттар бағының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде балалармен бірге жүрген ер адамның арыстанды оған тас лақтыру арқылы оятуға тырысқаны туралы видео пайда болды.
«Біз полицияға осы жағдай бойынша шара қолдануды сұрадық. Өтініш Медеу аудандық полиция басқармасында қалдырылды. Нәтижесін күтеміз», - делінген хабарламада.
Хайуанаттар бағының қызметкерлері келушілердің мұндай әрекетіне қатаң тыйым салынғанын атап өтті.
«Хайуанаттар бағының кіреберісінде хайуанаттар бағына кіруережелері бар үлкен стендтер ілулі тұр, мұнда басқалармен қатар жануарларды мазақ етпеу, қоршаулар мен жануарларға тастар, таяқтар, бөтелкелер және т.б. лақтыруға болмайды. Мінез-құлық ережелері – бұл әр келуші сақтауы керек шарт. Өкінішке қарай, оны елемейтіндер бар», – деп қынжылды хайуанаттар бағының қызметкерлері.