53 жастағы ер адамды пышақтап кеткен
Астанадағы Янушкевич көшесі мен Минск жолағының қиылысынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоны тұрғындар түсіріп алған. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.
«20 тамыз күні сағат 18:50-де 102 арнасына мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері 53 жастағы ер адамның мәйітін анықтады. Ол пышақ жарақатын алған. 31 жастағы күдікті ұсталды, оның жеке басы анықталды. Олардың арасында ауызша қақтығыс болған. Заттай дәлел ретінде пышақ тәркіленді», - деп хабарлады елордалық ПД.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.